• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы  № 188

255 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 8 тамыз  Алматы қаласы Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. «Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 20-1) тармақшасында көзделген есептілікті – есепті күннен кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;»; 20-1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. «Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерінде және есептеу әдістемесінде: 70-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «70. Өтімділікті өтеу коэффициенті сапасы жоғары өтімді активтердің өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде банктің операциялары бойынша ақша қаражаттың нетто әкетілуіне қатысты есептеу күніндегі жағдай бойынша қатынасы ретінде есептеледі.»; екінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «банктің меншігінде болады, оның ішінде банктің бағалы қағаздарды репо, своп операциялары шеңберінде, оларды қайтару міндеттемелерін орындау мерзімі басталғанға дейін тартылатын қаражат бойынша қамтамасыз етумен сату, беру құқықтарына шектеулер болмаған жағдайда қайтарымды негізде жасалатын операциялар (кері репо, своп операциялары және басқа да операциялар) шеңберінде алынған не орналастырылған қаражат және туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде алынған бағалы қағаздар. Банк бағалы қағаздарды орналастырылған қаражат, кері репо операциялары немесе туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша қамтамасыз етуге басқа қарсы агентке берген жағдайда, бағалы қағаздар бастапқы меншік иесі өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде оларды қайтаруы мүмкін болмаған кезде сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне енгізіледі.»; 71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «71. Сапасы жоғары өтімді активтер бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің Норматив­терге 12-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген коэффициенттерге көбейтілген және екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің Нормативтерге 12-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген коэффициенттерге көбейтілген сомасы ретінде есептеледі. Бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер әділ (нарықтық) құны бойынша сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне қабылданады.»; 73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «73. Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер деп Нормативтердің 70-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін және: 1) егер Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына қойылатын талаптар Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін жағдайда, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына қойылатын талаптар, оның ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар; 2) шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне, шет мемлекеттердің орталық банктеріне, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, оның ішінде шет мемлекеттердің орталық үкіметтері, шет мемлекеттердің орталық банктері, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдары, халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген, Нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiнде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыстағы және мынадай талаптардың әрқайсысына сай келетін бағалы қағаздар: Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес, Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің екінші тобына жатады; соңғы 10 (он) жылда кез келген күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нарықтық құны 10 (он) және одан көп пайызға төмендеумен көрінген құнсыздану фактілері толығымен жоқ; қаржы ұйымдарының немесе олармен үлестес ұйымдардың міндеттемелері болып табылмайды; 3) қаржы ұйымдары немесе олармен үлестес ұйымдар эмитенттері болып табылмайтын бағалы қағаздар түрінде қойылатын талаптар; 4) банктің немесе онымен үлестес ұйымдардың міндеттемесі болып табылмайтын туынды қаржы құралдарын және реттелген борышты қоспағанда, ипотекалық бағалы қағаздар түрінде қойылатын талаптар. Нормативтердің осы тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген талаптар мынадай талаптардың әрқайсысына сай келеді: Standard & Poor’s рейтингілік агенттiгiнiң «AA-» төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингiлері немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi не Standard & Poor’s агенттiгiнiң тиісті қысқамерзімді рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар; Нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес, Халықаралық қор биржаларымен болып танылатын cауда-саттықты ұйымдастырушылардың тiзiмiнде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста; соңғы 10 (он) жылда кез келген күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нарықтық құны 10 (он) және одан көп пайызға төмендеумен көрінген құнсыздану фактілері толығымен жоқ. Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің үлесі сапасы жоғары өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан аспайды. Егер екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің үлесі сапасы жоғары өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан асатын болса, онда екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер сапасы жоғары өтімді активтердің 40 (қырық) пайызынан аспайтын мөлшердегі сапасы жоғары өтімді активтердің құрамына енгізіледі. Егер сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне енгізілген активтер Нормативтердің 72 және (немесе) 73-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келмейтін болғанда көрсетілген активтер көрсетілген талаптарға сәйкессіздік туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзім ішінде сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне енгізіле береді. Сапасы жоғары өтімді активтердің құрамына Нормативтердің 70-тармағында көзделген талаптарды қанағаттандырған жағдайда пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есептелетін бағалы қағаздар және сатуға арналған бағалы қағаздар енгізіледі. Бұл ретте сапасы жоғары өтімді активтердің құрамына Қазақстан Республикасының Үкіметі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоспағанда, өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар портфеліндегі бағалы қағаздар енгізілмейді.»; 75, 76 және 77-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «75. Ақшаның әкетілуі банктің мынадай міндеттемелері бойынша Нормативтерге 13-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен келуінің кестесінде белгіленген әкетілу коэффициенттері қолданыла отырып, өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішіндегі ақшаның әкетілу сомасы ретінде есептеледі: өтеу мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын немесе өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақшаның әкетілуі, сондай-ақ, талап еткенге дейінгі салымдар бойынша; банк активтерімен қамтамасыз етілмеген, белгіленген орындалу мерзімі жоқ не толық орындалу мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын немесе өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері алдындағы міндеттемелер бойынша ақша әкетілуі (басқа кредиторлық берешекті қоспағанда, депозиттер, кредиттер, бағалы қағаздар бойынша), оның ішінде заңды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілердің бастамасы бойынша; банк активтерімен қамтамасыз етілмеген, белгіленген орындалу мерзімі жоқ не толық орындалу мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын немесе өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша ақша әкетілуі (басқа кредиторлық берешекті қоспағанда, депозиттер, кредиттер, бағалы қағаздар, қарыз операциялары бойынша); егер міндеттемелер өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде көзделетін болса толық орындалу мерзімі өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде не олар толық орындалу мерзіміне байланыссыз шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақша әкетілуі. Ақшаның әкетілуін есептеу мақсатында жеке тұлғалардың депозиттері тұрақты және тұрақтылығы төмен болып жіктеледі. Тұрақты депозиттер «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген мөлшерде жеке тұлғалардың кепілдік берілетін депозиттерді қамтиды. Тұрақтылығы төмен депозиттер «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген мөлшерден асатын сомада кепілдікті болып табылатын не кепілдікті болып табылмайтын жеке тұлғалардың депозиттерді қамтиды. Жеке тұлғалардың депозиттерін жіктеу кезінде өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімімен депозиттер, әрбір клиентке ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша жеке бөлігінде есептеледі. Ақша әкетілуін есептеу мақсатында жеке тұлғалардың барлық депозиттерін банк тұрақтылығы төмен деп жіктей алады. Заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемелерін және клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдарды қамтиды. Егер клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салым шартында кем дегенде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын шарттың бұзылуы туралы алдын ала хабардар ету талабы көзделетін болса, не осы талап болмаған жағдайда шартты бұзу салым мөлшерінің 2 (екі) пайызынан асатын мөлшерде айыппұл төлеуге әкеп соқтыратын болса, клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар ақша әкетілуінің есебіне енгізіледі. Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар бойынша міндеттемелер клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті шоттағы ақшаның ең аз қалдығына тең мөлшерде айқындалады. Клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті шоттағы ақшаның ең аз қалдығын айқындау әдістемесін банк дербес анықтайды. Заңды тұлғалардың алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар қарызының шарттары бойынша ақшаның әкетілуі бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген банктің міндеттемелерін, Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) пайыздан аспайтын кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының және халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелерді және қамтамасыз етілуі және бірінші немесе екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылмайтын өзге де міндеттемелерді қамтиды. Шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі Нормативтерге 13-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен келуінің кестесінде көзделген шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша әкетілу сомасын қамтиды. Шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша қосымша ақшаның әкетілуі мыналарды қамтиды: шарт талаптарына сәйкес банктің ағымдағы рейтингісінен 1 (бір), 2 (екі) не 3 (үш) сатыға дейін банктің ұзақмерзімді немесе қысқамерзімді кредиттік рейтингі төмендеуі қосымша қамтамасыз ету үшін өтімділікті тарту, ақша төлемі, шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау түрінде қосымша қажеттілікке әкеп соғатын болса, шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік толық көлемде; нарықтық құны өзгерген кезде ақша аударымы болжанатын туынды қаржы құралдары мен өзге де операциялар бойынша позицияларды нарықтық бағалаудың өзгеруіне байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік. Ақшаның әкетілу есебінде алдыңғы 12 (он екі) айдағы көрсетілген кезеңде ақшаның келуін шегергендегі ақшаның әкетілуіне тең ең көп 30 (отыз) күндік ақшаның нетто әкетілуі есептеледі; бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылмайтын, Нормативтерге 12-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген есептеу коэффициенті қолданыла отыра және алынған қамтамасыз ету шегеріле отырып есептелген актив құнынан 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде банк ұсынған қамтамасыз етуді не туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша ұсынылуға жататын қамтамасыз етуді бағалаудың (әлеуетті құнының) өзгеруіне байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік. Егер қамтамасыз ету бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылса, өтімділіктегі қосымша қажеттілік талап етілмейді; клиенттің туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша банкке ұсынылған қамтамасыз ету бөлігін дереу қайтаруды талап ету құқығымен байланысты, ұсынылған қамтамасыз ету көлемінің қажетті көлемнен толық асып кету көлемінде асуымен негізделген ақшаның әкетілуі; банктің қамтамасыз етуді ұсынуы көзделетін операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік және егер қамтамасыз ету ұсынылмаған жағдайда шарттың талаптарына сәйкес қарсы агенттің қамтамасыз етуді талап ету құқығы; қамтамасыз етуді банкпен келісусіз сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтерге ауыстыру көзделетін операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік; банк шығарған, активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген және өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар (оның ішінде ипотекалық бағалы қағаздар бойынша) бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі; банктің еншілес арнайы ұйымдары шығарған, күнтізбелік өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі (ұстаушының толық немесе ішінара мөлшерде мерзімінен бұрын сатып алуға талап қою құқығы көзделетін туынды қаржы құралдарын есептегенде). Банктің еншілес арнайы ұйымдары деп банктің кепілдігімен бағалы қағаздарды шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-еншілес арнайы ұйымдар және секьюритилендіру мәмілелері үшін құрылған арнайы қаржы компаниялары түсінілген жөн. Қосымша ақшаның әкетілуін есептеу мақсатында шартты міндеттемелер, көрсетілген міндеттемелер қайтарусыз болып табылған жағдайда, пайдаланылмаған кредиттік желілер мен өтімділік желілерін қамтиды. Өтімділік желілері деп банктің мынадай: клиенттің бұдан бұрын шығарған бағалы қағаздарын өтеу үшін клиентке ақша ұсыну; бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру және (немесе) қайталама нарықта клиенттің бағалы қағаздарымен операциялар бойынша міндеттемелер шеңберінде клиенттің бағалы қағаздарын сатып алу міндеттемелері түсініледі. Қосымша ақшаның әкетілуін есептеу мақсатында шартты міндеттемелер өтімділікті өтеу коэффициентін есеп­теу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде орындалуға жататын шығарылған бағалы қағаздар бойынша клиент міндет­те­месінің мөлшерінен аспайтын мөлшердегі өтімділік желілері ретінде енгізіледі. Пайдаланылмаған шартты міндет­теменің қалған бөлігі, сондай-ақ қаржылық емес ұйымдарға айналым қаражатын толықтыруға ұсынылған міндет­темелер кредиттік желілер ретінде шартты міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілу есебіне енгізіледі. Пайдаланылмаған кредиттік желілер мен өтімділік желілері қамтамасыз етуге ұсынылған не қамтамасыз етуге ұсынылуға жататын және мынадай талаптардың әрқайсысына сай келетін активтерді шегеру ескеріле отырып қосымша ақшаның әкетілу есебіне енгізіледі: бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылады; банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің құрамына енгізілмеген; қайтарымды негізде жасалатын операцияларды жүргізу үшін қолжетімді; мерзімінен бұрын қайтару туралы талап қою құқығы жоқ. Нормативтердің 13-қосымшасына сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен келуінің кестесінің 20, 21, 22, 23, 24, 25 мен 26-жолдарында ескерілмеген өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде жеке тұлғалар және қаржылық емес ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қосымша ақша әкетілулері өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде жеке тұлғалар және қаржылық емес ұйымдардан ақша келуінің 50 (елу) пайызынан асатын болса, асып кету сомасы Нормативтердің 13-қосымшасының Банктің ақша әкетілуі мен келуінің кестесінің 29-жолына сәйкес 100 (жүз) пайыз ақшаның әкетілу коэффициенті қолданыла отырып ақшаның әкетілуінде есептеледі. 76. Ақшаның келуі банктің мынадай активтері бойынша Нормативтерге 13-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен келуінің кестесінде белгіленген ақшаның келу коэффициенттері қолданыла отырып өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішіндегі ақшаның келу сомасы ретінде есептеледі: қайтарымды негізде жасалатын операцияларды (кері репо, своп операциялары және өзге де операциялар) қоса алғанда, қамтамасыз етілген қарыз операциялары; негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттер; туынды қаржы құралдары; өзге ақшаның келуі. Сапасы жоғары өтімді активтер бойынша ақшаның келіп түсуі ақшаның келуін есептеу кезінде ескерілмейді. Қамтамасыз етілген қарыз операциялары бойынша ақшаның келуі өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар, бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтермен және бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын өзге де активтермен қамтамасыз етілген қарыз операцияларын, сондай-ақ қамтамасыз етуге бағалы қағаздарды сатып алу-сатуды жасау үшін (маржалық мәмілелер) ұсынылған қарыздарды қамтиды. 77. Банктер 2016 жылғы 1 шілде – 2017 жылғы 30 маусым аралығында өтімділікті өтеу коэффициентін өтімділік тәуекелін бағалау мақсатында есептейді. Өтімділікті өтеу коэффициенті ай сайынғы негізде уәкілетті органға есептеулердің нәтижелерін ұсына отырып айдың соңғы жұмыс күнінде есептеледі. Өтімділікті өтеу коэффициентінің ең төменгі мәні мынадай мөлшерде белгіленеді: 2017 жылғы 1 шілде – 2018 жылғы 30 маусым аралығында - 0,6; 2018 жылғы 1 шілде – 2019 жылғы 30 маусым аралығында - 0,7; 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 30 маусым аралығында - 0,8; 2020 жылғы 1 шілде – 2021 жылғы 30 маусым аралығында - 0,9; 2021 жылғы 1 шілдеден бастап – 1,0.»; 13-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін. 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Н.Айдапкелов ________________ 2016 жылғы 26 тамыз Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы №188 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы №75 қаулысына 20-1-қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есеп Есепті күн: 20__жылғы «___»________ ————————————————————— (банктің атауы) Индекс: 1-BVU_LCR Кезеңділігі: ай сайын Ұсынатындар: екiншi деңгейдегі банк Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұсыну мерзімі: есепті күннен кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кеш емес. Нысан (мың теңгемен) № Баптар атауы Пайызбен есепке алу коэффициенті Есепке сомасы 1 2 3 4 Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер 1 Қолма-қол ақша 100 2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттер 3 Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, шет мемлекеттердің орталық үкiметтерiне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына 0 (нөл) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін талаптар, оның ішінде: 100 3.1 Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кепілдік берген бағалы қағаздар 100 3.2 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен шет мемлекеттердің орталық банктері кепілдік берген бағалы қағаздар 100 3.3 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген бағалы қағаздар 100 3.4 Қазақстан Республикасының Үкiметiне берілген қарыздар 100 3.5 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілген қарыздар 100 3.6 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкiметтерiне берілген қарыздар 100 3.7 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар 100 3.8 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар 100 3.9 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар 100 3.10 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар 100 3.11 Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі 100 3.12 Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары 100 3.13 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар 100 3.14 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар 100 4 0 (нөл) пайыздан жоғары кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген жағдайда, шет мемлекеттердің орталық үкiметтерiнің және шет мемлекеттердің орталық банктерінің тиісті елдердің валютасында номинирленген бағалы қағаздары 100 Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер 5 Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына талаптар, оның ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған, 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін бағалы қағаздар, оның ішінде: 85 5.1 Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына берілген қарыздар 85 5.2 Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының дебиторлық берешегі 85 5.3 Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар 85 6 Шет мемлекеттердің орталық үкiметтерiне, шет мемлекеттердің орталық банктеріне, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарына 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін талаптар, оның ішінде: 85 6.1 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тен «А-»-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен шет мемлекеттердің орталық банктері кепілдік берген бағалы қағаздар 85 6.2 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің жергілікті билік органдары кепілдік берген бағалы қағаздар 85 6.3 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тен «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген бағалы қағаздар 85 6.4 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тен «А-»-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар 85 6.5 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тен «А-»-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар 85 6.6 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар 85 6.7 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергiлiктi билік органдарына берілген қарыздар 85 6.8 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар 85 6.9 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар 85 6.10 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздар 85 6.11 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар 85 6.12 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергiлiктi билік органдары шығарған бағалы қағаздар 85 7 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «AA-» төмен емес ұзақмерзімді рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар қаржылық емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар 85 8 Банктің міндеттемесі болып табылмайтын, Standard & Poor’s агенттiгiнiң «AA-» төмен емес ұзақмерзімді рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ипотекалық бағалы қағаздар 85 Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақшаның әкетілуі 9 Тұрақты депозиттер 5 10 Тұрақтылығы төмен депозиттер 10 Заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі 11 Толық көлемі баламасында Америка Құрама Штаттарының 1 (бір) миллион долларынан аспайтын, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын қаржылық емес ұйымдар орналастырған салымдар 10 12 Клирингтік, кастодиандық қызметпен, өтімділікті басқару қызметімен байланысты салымдар 25 13 Қаржылық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының, халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің, шет мемлекеттердің орталық банктерінің, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарының депозиттері 40 14 Өзге заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелер, оның ішінде шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер 100 Заңды тұлғалардың алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі 15 Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер 0 16 Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер 0 17 Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер 15 18 20 (жиырма) пайыздан жоғары кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін, бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтермен қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының, халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелер 25 19 Өзге қамтамасыз етілген міндеттемелер 100 Шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі 20 Банктің ағымдағы рейтингісінен 1 (бір), 2 (екі) не 3 (үш) сатыға дейін төмендеген кезде шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік толық көлемде 100 21 Туынды қаржы құралдары немесе өзге де операциялар бойынша позицияларды нарықтық бағалаудың өзгеру кезінде өтімділіктегі қосымша қажеттілік Алдыңғы 12 (он екі) айдағы ең көп 30 (отыз) күндік ақшаның нетто әкетілуі 22 Туынды қаржы құралдары мен өзге де операциялар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалау кезінде өтімділіктегі қосымша қажеттілік (бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтерді қоспағанда) 20 23 Кез келген уақытта қайтарып алу көзделген туынды қаржы құралдары бойынша позицияны қолдауға байланысты банк ұстап қалатын қамтамасыз етудің асып кету мөлшері 100 24 Егер қамтамасыз ету ұсынылмаған жағдайда шарттың талаптарына сәйкес қарсы агенттің талап етуі бойынша банктің қамтамасыз етуді ұсынуы көзделетін операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік 100 25 Қамтамасыз етуді сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтерге ауыстыру мүмкіндігімен байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік 100 26 Активтер бойынша, оның ішінде банк шығарған және өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар бойынша (оның ішінде ипотекалық бағалы қағаздар бойынша) ақшаның әкетілуі 100 27 Активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген және банктің еншілес арнайы ұйымдары шығарған, өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі 100 28 Жеке тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі 5 29 Қаржылық емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына берілген кредиттік желілердің пайдаланылмаған бөлігі 10 30 Қаржылық емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына берілген өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі 30 31 Басқа банктерге берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі 40 32 Банктер болып табылмайтын қаржы ұйымдарына берілген кредиттік желілердің пайдаланылмаған бөлігі 40 33 Банктер болып табылмайтын өзге қаржы ұйымдарына берілген өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі 100 34 Өзге заңды тұлғаларға берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі (оның ішінде банктің еншілес арнайы ұйымдары) 100 35 Тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын қаржыландыруға байланысты міндеттемелер (факторинг және форфейтинг операцияларын жүргізуге байланысты кепілдіктер мен кепілдемелер, аккредитивтер бойынша) 5 36 Тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын қаржыландыруға байланысты емес кепілдіктер мен кепілдемелер, аккредитивтер бойынша міндеттемелер 10 37 9-36-жолдарға енгізілмеген міндеттемелер бойынша өзге де ақшаның әкетілуі 100 Ақшаның келуі 38 Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары 0 39 Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары 15 40 Сапасы жоғары өтімді активтерге жатпайтын активтерді қамтамасыз етуге бағалы қағаздарды сатып алу-сатуды жасау үшін (маржалық мәмілелер) ұсынылған